«КӨЛІК ЖӘНЕ ТІРШІЛІК
ҚАУІПСІЗДІГІ КОЛЛЕДЖІ»

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС МЕКЕМЕ

Облыстық азаматтық қорғаныс бойынша семинар–тренинг «Төтенше жағдайлар жағдайында халықтың қауіпсіздігі»

2025 жылғы 22 мамырда «Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі» базасында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қолдауымен «Төтенше жағдайлар жағдайында халықтың қауіпсіздігі» тақырыбында азаматтық қорғаныс бойынша облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылық және педагогикалық құрамының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындық деңгейін арттыру және білім беру мекемелеріндегі азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында автоцистерналар мен автосаты, сондай-ақ Вилингтон есімді іздестіру иті бар кинолог мамандар пайдаланылды.

Шақырылған лекторлар:

Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері үш алаңда ШҚО ДСБ «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК мамандары тарапынан көрсетілді.

Іс-шараға облыс және қала бойынша 31 колледждің өкілдері мен 200-ден астам студент қатысты.